Жаппай жол апаты - полиция түсінік берді
Әлеуметтік желіде жаппай жол апатының видеосы тарады.
Фото: Telegram/POLISIA.KZ
19:21 16.03.2023
Бұған қатысты полиция түсінік беріп, аталған жол апатының 16 наурызда СҚО-да Челябі-Новосібір тас жолы бойында орын алғанын нақтылады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Полицияның нақтылауынша, 16 наурызда Солтүстік Қазақстан облысының Мағжан Жұмабаев ауданында Челябі-Новосібір автожолының 609 шақырымында Volkswagen Caravelle, Lada Granta мен жолды қардан тазартып жүрген Урал арнайы техникасы соқтығысып қалды.
"Жол-көлік оқиғасы салдарынан 5 адам зардап шекті: Урал, Volkswagen Caravelle көліктерінің жүргізушілері және Volkswagen Caravelle, Lada Granta-ның жолаушылары. Барлық зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілді".СҚО ПД баспасөз қызметі
Қазіргі уақытта полицейлер аталған факті бойынша қажетті сараптамаларды тағайындау және процессуалдық шешім қабылдау үшін материалдар жинап жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!