{metadescription}
Үкіметте «жетілген» мұнай кен орындарын игеру мәселесі талқыланды

Үкіметте «жетілген» мұнай кен орындарын игеру мәселесі талқыланды

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Энергетикалық кеңестің отырысында бірқатар «жетілген» мұнай кен орындарын одан әрі игеру мәселелері талқыланды.

«ҚР Президенті Әкімшілігі, орталық мемлекеттік органдар, Ұлттық Банк, «Самұрық-Қазына» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы басшылығының қатысуымен инвестицияларды ұлғайту және игерудің соңғы кезеңдеріндегі кен орындарының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар қаралды. Атап айтқанда, өндіріс көлемі, жұмыспен қамту және салық салу мәселелері қозғалды», - деп жазды Үкіметтің ресми сайты.

Премьер-Министр ЖЖМ ішкі нарығын тұрақты қамтамасыз ету, мемлекеттік бюджет пен Ұлттық қорды толықтыру, сондай-ақ жұмыс орындарын сақтау үшін осындай кен орындарын қолдаудың маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар отырыста жер қойнауын пайдалану саласындағы бірқатар өзекті мәселелер қаралды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде