Мекенжайы бойынша тұрақты тіркеуі жоқ азаматтар қалай дауыс береді
Қазақстандықтар 19 наурыз күні өтетін Мәжіліс пен маслихат сайлауында тіркеуде бар-жоғына қарамастан, дауыс бере алады.
13:02 17.03.2023
Өйткені, олар өз аумағындағы учаскелерге бір күнге тіркеуге алынады. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясынан мәлім етті.
«Еліміз бойынша 4 мың сайлау учаскесі азаматтарды қабылдайды. Олардың ішінде 188 учаскеде ХҚО қызметкерлері жұмыс істейді. Мамандар сайлау учаскесінің орналасқан жері бойынша тіркелмеген азаматтарға дауыс беру мүмкіндігін ұсыну үшін бір күндік тіркеуге тұрғызады», - делінген корпорацияның ресми сайтында жарияланған хабарламада.
Орталық мамандары азаматтарды тіркеуді сайлау күні сағат 7:00-20:00 аралығында жүргізеді. Ал, 20 наурызда тұрғын бір күндік тіркелген жерінен автоматты түрде шығарылады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары