{metadescription}
Жаңбыр, қар, тұман – демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы

Жаңбыр, қар, тұман – демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер Қазақстан бойынша 2023 жылғы 18-20 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Болжам бойынша, елімізде жаңбыр, қар жауып, тұман түседі, көктайғақ болып, жел күшейеді. "Қазгидромет" РМК таратқан мәліметке сүйенсек, аптаның соңында республиканың басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), елдің солтүстік, шығыс жартысында қар жауып, жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болады, оңтүстікте жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, 19 наурызда Алматы және Жетісу облыстарының таулы аймақтарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады, тек республиканың батысында күн райы жауын-шашынсыз болады.

"Кезеңнің екінші жартысында республика бойынша жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республикада тұман түсіп, жел күшейеді", –  делінген хабарламада.

Синоптиктер температура фонында айтарлықтай өзгеріс болмайтынын атап өтті.

"Тек аптаның соңына қарай Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында және шығысында ауа температурасы түнде 7-20 аязға дейін, күндіз 0-8 аязға дейін төмендейді деп болжанды", - деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде