{metadescription}
Адам құқықтары жөніндегі орталыққа қазақстандықтар қандай мәселелер бойынша жүгінеді

Адам құқықтары жөніндегі орталыққа қазақстандықтар қандай мәселелер бойынша жүгінеді

2022 жылдан бері Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталыққа 807 шағым келіп түсті. Бұл туралы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2022 жылдан бері Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталыққа 807 шағым түсті, оның 127-сі азаптауларға қатысты. Қалғандары негізінен шағым авторларына немесе олардың өкілдеріне қатысты шығарылған сот актілерімен келіспеу себебіне қатысты», - деді Артур Ластаев елордада тілшілерге берген сұхбатында.

Осы орайда Адам құқықтары жөніндегі уәкіл әр шағымда көтерілген мәселе тиісті мемлекеттік органдармен бірлесе талқыланатанын айтты.

«Біз әр жағдайда мәселенің мән-жайын егжей-тегжейлі қарастыруға назар аударып отырмыз», - деді Артур Ластаев.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде