Алматыдан 174 шақырым жерде жер сілкінді
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмологиялық тәжірибе-әдістеме экспедициясы 17 наурыз күні 14:18-те жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Фото: bigox.kz
15:54 17.03.2023
Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 174 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты – 9.3. MPV магнитудасы – 4.5. Эпиорталық координаттары – 41.80° с.е. 77.86° ш.б. Тереңдігі – 10 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілгені туралы мәліметтер жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!