Инфекционист дәрігер қызылша белгілерін атады
Елордадағы №3 көпбейінді қалалық балалар ауруханасының инфекционист дәрігері, медицина ғылымдарының докторы Динагүл Баешова балалар арасында қызылша қалай өтетіндігін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
18:09 17.03.2023
Қызылша - жоғары жұқпалы және кең таралуымен сипатталатын жедел вирустық инфекция. Бұл - бүкіл әлемдегі жас балалар арасындағы сырқаттанушылық пен өлім-жітімнің басты себебі. 5 жасқа дейінгі балалардың 30 пайызында ауру асқынулардың өршуімен сипатталады. Әсіресе, дұрыс тамақтану салты жоқ және иммунитет тапшылығы бар науқастар жиі шалдығады.
«Инфекция көзі - катаралды кезеңдегі және бөртпе басталғаннан кейінгі алғашқы 5 күнде ауырып жүрген науқас. Инфекция жұқтырудың ұзағырақ мерзімі пневмониямен асқынған жағдайларда анықталған. Таралу жолы – ауа тамшылары. Вирус мұрын-жұтқыншақ шырышының микроскопиялық ұсақ бөлшектерінде, тыныс алу жолдарында кездеседі, олар жөтелгенде және түшкіргенде науқастың айналасына оңай тарайды», - деді ол Астана қалалық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.
Оның атап өтуінше, қазіргі уақытта елімізде қызылшаның өрши түскені байқалады. Сондықтан да медицина қауымы алаңдаушылық танытып отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!