Атырауда автокөлік контрабандасымен айналысқан күдікті ұсталды
Атырауда автокөлік контрабандасымен айналысқан деструктивті діни ағым ұстанушысы ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Фото: Telegram/POLISIA.KZ
19:13 17.03.2023
Полиция мәліметінше, күдіктінің тұрғылықты мекенжайын тінту барысында жалған автокөлік мемлекеттік белгілері, автокөлікті сатып алу-сату келісім шарттары, сенімхаттар, Ресей Федерациясында тіркелген автокөліктің төлқұжаты, азаматтық тұлғалардың жеке куәліктері, тауарға арналған декларация, Iphone 13 ұялы телефоны және түбіртектер табылып, тәркіленді.
"Аталған дерек бойынша ҚК-тің 385-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды", деп хабарлайды ҚР ІІМ баспасөз қызметі.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасы, ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!