Қазақстанда сайлауға дейінгі тыныштық күні басталды
18 наурыз Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарын сайлау қарсаңында тыныштық күні болып жарияланды.
Фото: www.aa.com.tr
09:02 18.03.2023
Бұл күні кез келген үгіт-насихат заңсыз болып есептеледі.
Сайлау алдындағы үгіт-насихат 18 ақпанда сағат 18.00-де басталып, 18 наурыз күні сағат 00.00-ге дейін жалғасты.Осы күні жасалған кез келген үгіт-насихат жұмысы заң бойынша жазаланады.
Еске салайық, Қазақстанда Мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлау 2023 жылғы 19 наурызда өтеді. Мәжіліс 98 депутаттан тұрады (бұған дейін 107 еді), оның 69-ы партиялық тізім бойынша, ал 29-ы бір мандатты округтер арқылы таңдалады. Сайлауға жеті партия Amanat, "Ақ жол", Қазақстан халық партиясы, "Ауыл", Қазақстанның жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы, "Байтақ" және Respublica қатысады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!