{metadescription}
Рыбакина алғаш рет АҚШ-тағы турнирдің финалында ойнайды

Рыбакина алғаш рет АҚШ-тағы турнирдің финалында ойнайды

Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-та өтіп жатқан Индиан Уэллс WTA 1000 турнирінің финалына шықты.

Қазақстанның маңдайалды теннисшісі жартылай финалда әлемнің 1-ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентекпен шеберлік байқасты.

Осыған дейін қарсыластар үш рет кездесіп, соның екеуінде қазақстандық теннисші ұтқан еді.

Бұл жолы бірінші партияда Елена брейкпен алға шықты. Содан кейін тағы бір брейкпен бітірді – 6:2.

Рыбакина екінші сетті де брейкпен бастады – 2:0. Тағы бір брейк – 4:0. Содан кейін есеп 5:1 болып, өзі доп бергенде, екі матчболын пайдалана алмады.

Дегенмен матчты тағы бір брейкпен тәмамдады – 6:2.

Бір сағат 15 минутқа созылған бәсеке барысында Е.Рыбакина 7 эйс жасап, 5 брейк-пойнтты түгел өз есебіне жазды. Қарсыласы 1 эйс, 1 брейкпен көзге түсті.

Осылайша, әлемнің бірінші ракеткасын айқын басымдыллықпен ұтқан Е.Рыбакина өз спорттық жолында алғаш рет Индиан Уэллс жарысының (жүлде қоры – 8,8 млн АҚШ доллары) финалына өтті.

Ол соңғы бәсекеде әлемнің 2-ракеткасы, белоруссиялық Арина Соболенкомен бас жүлдені сарапқа салады.

А.Соболенко жартылай финалда әлемнің 7-ракеткасы, грекиялық Мария Саккариді жолдан тайдырды – 6:2, 6:3.

Биыл Аустралия ашық чемпионатының финалында А.Соболенко Е.Рыбакинаны 4:6, 6:3, 6:4 есебімен жеңіп кеткен еді. Соның есесін Елена қайтара ала ма, оны алдағы матч көрсетеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде