Елена Рыбакина әлемнің сегізінші ракеткасы атанды
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Индиан Уэллс WTA 1000 турнирінің финалына шыққаннан кейін әлемдік рейтингте рекордтық нәтижеге қол жеткізеді.
Фото: instagram.com/wta
12:18 18.03.2023
WTA Live рейтингісінде қазірдің өзінде Е.Рыбакина 10-орыннан 8-сатыға көтерілді.
Қазақстандық теннисші өзінің алдында тұрған швейцариялық Белинда Бенчич пен грекиялық Мария Саккариді басып озды.
М.Саккари Индиан-Уэллс жарысының жартылай финалында белоруссиялық Арина Соболенкодан жеңіліп қалған болатын.
Өткен жылғы додада финалға дейін жеткен М.Саккари осылайша ұпайларын жоғалтты.
Егер Елена Рыбакина жексенбі күні финалда А.Соболенконы ұтса, онда рейтингте 7-орынға шығады. Қай саты да Е.Рыбакина үшін рекордтық көрсеткіш болмақ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!