Түркістанда браконьерлерден 160 келі балық тәркіленді
Тәртіп сақшылары Шардара су қоймасының Аққұм учаскелік аумағында тоқтатылған күмәнді автокөліктен 160 келі заңсыз ауланған балық тәркіледі, деп хабарлайды polisia.kz телеграм каналы.
Фото: t.me/POLICE_of_KZ
16:42 18.03.2023
Тәртіп сақшылары Шардара су қоймасының Аққұм учаскелік аумағында күмәнді Volkswagen Passat автокөлігін тоқтатып, жүргізушінің құжаттарын тексерген. Көліктің жүк салғышынан заңсыз ауланған 3 қап балық табылды. Күдіктіден 1 үрмелі қайық, балық аулауға арналған құралдар мен жалпы салмағы 160 келі түрлі балық тәркіленді.
ҚР ҚК-нің 335-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.
Табиғатқа залал келтірген тұрғын полиция бөліміне жеткізілді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!