Қателесіп дауыс берген жағдайда бюллетеньді ауыстыруға бола ма
Алматы қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Айгүл Қалықова әрбір сайлаушы өз бюллетенін бір рет өзгертуге құқылы екенін айтты.
Фото: freepik
10:37 19.03.2023
Оның айтуынша, бюллетеньді жәшікке салғанға дейін өзгертуге болады.
«Егер сайлаушы өзі қатесін жәшікке салмай тұрып байқаса, онда учаскелік комиссияға жүгініп, жаңа бюллетень сұраса болады», - дейді Айгүл Қалықова.
Сондай-ақ ол бүлініп қалған бюллетень жарамсыз деп саналатынын атап өтті.
«Дауыс беруден кейін мұндай бюллетеньдер қолданылмаған бюллетеньдермен бірге жойылады. Жарамсыз бюллетень орнына жаңасы дауыс берушіге бір рет қана беріледі», - деп ескертті ол.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!