{metadescription}
Елде және сайлау учаскелдеріндегі жағдай тұрақты – ІІМ

Елде және сайлау учаскелдеріндегі жағдай тұрақты – ІІМ

Сайлау күні қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге 45 мың ішкі істер қызметкері жұмылдырылған.

Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев мәлім етті. Ол ішкі істер органдарының барлық жеке құрамы қызметтің күшейтілген нұсқасында екенін айтты.

«Қазақстан бойынша қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтардың тәртіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларға ішкі істер органдарының 45 мың қызметкері жұмылдырылды. Сайлау өткізетін орындарда құқық бұзушылыққа жедел ден қою үшін қосымша жедел тергеу топтары құрылған. Барлық сайлау учаскесінің қауіпсіздігі тексерілді. Сайлау орындарына бюллетеньдер жеткізілгенде полиция қызметкерлері ілесіп алып жүріп, қауіпсіздікті қамтамасыз етті», - деді ол.

Ол «Сайлау туралы» заңның 39-бабына сәйкес полиция қызметкерлерінің сайлау барысына араласуға, сондай-ақ сайлау учаскелерінде болуға құқығы жоқ екенін атап өтті. Бұл ретте, Комитет басшысы түсіндіргендей, олар комиссия төрағасы шақырылған жағдайда ғана сайлау учаскелеріндегі қоғамдық тәртіпті бұзуды тоқтатады.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта республикада және сайлау учаскелерінде жағдай тұрақты, қоғамдық тәртіпті бұзу фактілері тіркелген жоқ.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде