{metadescription}
Эквадорда жер сілкінісінен 13 адам қаза тапты

Эквадорда жер сілкінісінен 13 адам қаза тапты

Эквадордың оңтүстігінде сенбі күні болған 6,9 балдық жер сілкінісінен кем дегенде 126 адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап.

Эквадордың Төтенше жағдайларды басқару ұлттық қызметінің мәліметі бойынша, қаза тапқандар саны 13-ке жетті. 50-ге жуық тұрғын үй бүлінген, жетеуі толығымен қираған.

Сонымен қатар 17 білім беру мекемесі мен 31 медициналық орталық ғимараты зақымданған. Зілзала ошағы 32 мың адам тұратын Наранхал қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 17 шақырым жерде орналасқан. Тереңдігі - 85 км. Жерасты дүмпулері елдің 24 провинциясының 13-інде сезілді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде