Елордада және үш өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Қазақстанның 4 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды.
Фото: Ашық дереккөзден
17:07 19.03.2023
20 наурызда Астанада түнде және таңертең тұман түседі. Ақмола облысының шығысында түнде жаяу бұрқасын болады. Түнде және таңертең облыстың батысы мен оңтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстікте оңтүстік-батысқа ауысып, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.
Жамбыл облысының таулы аймақтарында тұман түседі. Оңтүстік-батыс, солтүстік-шығыс, облыстың таулы аймақтарында солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғып, екпіні 23 м/с дейін жетеді.
Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі. Петропавлда 20 наурызда оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні күндіз 15-20 м/с жетуі ықтимал.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!