18:10-дағы жағдай: Сайлаушылардың 53,11 пайызы дауыс берді
Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавкат Өтемісов айтты.
Фото: КТК
18:38 19.03.2023
Оның атап өтуінше, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Астананың аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, астана уақытымен сағат 18:00-дегі жағдай бойынша өңірлер бойынша дауыс беру нәтижелері мынадай:
1. Абай облысы бойынша – 56,14%
2. Ақмола облысы бойынша – 59,49%
3. Ақтөбе облысы бойынша – 56,88%
4. Алматы облысы бойынша – 59,74%
5. Атырау облысы бойынша – 49,19%
6. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 58,81%
7. Жамбыл облысы бойынша – 65%
8. Жетісу облысы бойынша – 55,07%
9. Қарағанды облысы бойынша – 58,85%
10. Қостанай облысы бойынша – 65%
11. Қызылорда облысы бойынша – 65,7%
12. Маңғыстау облысы бойынша – 54,04%
13. Павлодар облысы бойынша – 58,61%
14. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 64,46%
15. Түркістан облысы бойынша – 51,07%
16. Ұлытау облысы бойынша – 58,63%
17. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 63,63%
18. Астана қаласы бойынша – 40,94%
19. Алматы қаласы бойынша – 22,95%
20. Шымкент қаласы бойынша – 43,89%
«Жалпы, сағат 18:00-дегі жағдай бойынша республиканың 6 390 046 азаматы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 53,11
пайызын құрайды», - деді Шавкат Өтемісов.
Азаматтардың учаскелерге келуі туралы келесі ақпарат елорда уақыты бойынша сағат 19:00 және 20:10-да берілетін болады. Алдын ала жасалатын жалпы қорытынды ақпаратты ОСК сағат 22:10-те ұсынады.
Қазіргі уақытта дауыс беру 10 164 сайлау учаскесінде өтуде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!