Еліміздің басым бөлігінде сайлау учаскелері жабылды
Қазақстанның он бес өңірінде Астана уақытымен сағат 20.00-де сайлау учаскелері жабылды.
Фото: КТК
20:32 19.03.2023
Қалған бес өңірде – Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында дауыс беру бір сағаттан кейін аяқталады. Сағат 18.00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың 53,11%-і дауыс берді. Қазір Орталық сайлау комиссиясы сағат 20.00-дегі жағдай бойынша ақпаратты дайындап жатыр.
Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, шет елдерде ашылған 77 сайлау учаскесінің 11-і жұмысын аяқтаған. Он екі мыңнан астам қазақстандықтың бес мыңы өз таңдауын жасап үлгерді. Шетелде дауыс беру Сан-Францискода ертең, 20 наурыз сағат 09.00-де аяқталады.
Бүгін, 19 наурыз мәжіліс және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтті. Ел халқы таңғы жетіден кешкі сегізге дейін өз үміткерлеріне дауыс берді.
Биыл мәжіліс депутаты мандатына 7 саяси партия таласады. Парламентке барлығы 98 депутат сайланады, оның 69-ы – партиялық тізім, 29-ы бір мандатты округтер бойынша өтеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!