Сайлаудың алдын ала қорытындысы жарияланды
Тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 54,19 пайызы бюллетень алды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров айтты.
22:25 19.03.2023
Оның атап өтуінше, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Астананың аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, астана уақытымен сағат 22:00-дегі жағдай бойынша өңірлер бойынша дауыс беру нәтижелері мынадай:
1. Абай облысы бойынша – 57,2%
2. Ақмола облысы бойынша – 60,1%
3. Ақтөбе облысы бойынша – 58%
4. Алматы облысы бойынша – 60,3%
5. Атырау облысы бойынша – 51,23%
6. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 59,20%
7. Жамбыл облысы бойынша – 65,21%
8. Жетісу облысы бойынша – 55,32%
9. Қарағанды облысы бойынша – 59,48%
10. Қостанай облысы бойынша – 65,10%
11. Қызылорда облысы бойынша – 67,21%
12. Маңғыстау облысы бойынша – 54,10%
13. Павлодар облысы бойынша – 58,68%
14. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 65,25%
15. Түркістан облысы бойынша – 53,1%
16. Ұлытау облысы бойынша – 58,99%
17. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 64,15%
18. Астана қаласы бойынша – 42,91%
19. Алматы қаласы бойынша – 25,82%
20. Шымкент қаласы бойынша – 45,46%
«Аумақтық комиссиялардың ақпаратына сәйкес, астана уақытымен сағат 22-00-де тізімдерге енгізілген 12 млн 35 578 азаматтың 6 млн 521 860-ы бюллетень алды. Бұл дауыс беру тізіміне енгізілген сайлаушылардың 54,19 пайызын құрайды», - деді Константин Петров.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!