Криштиану Роналду Португалия құрамасының екі ойынына шақырту алды
Португалия құрамасының бас бапкері Роберто Мартинес 2024 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу сатысындағы екі ойынға Сауд Арабиясының «Аль-Наср» командасының 38-жастағы шабуылшысы Криштиану Роналдуды шақырды.
Фото: ©instagram.com/cristiano/
22:58 19.03.2023
Португалиялық футболшылар Лихтенштейн (23 наурыз) және Люксембург (26 наурыз) құрамаларымен шеберлік байқасады. Бас бапкер Роберто Мартинес аталған ойындарға Криштиану Роналдуды шақыруды жөн көрді.
Бұл - бельгиялық маманның Португалия құрамасы бас бапкері қызметіндегі алғашқы ойындары. Ол 2022 жылғы әлем чемпионатынан кейін қызметінен кеткен Фернанду Сантушты алмастырды. Катарда өткен доп додасында португалиялық футболшылар 1/4 финалда Марокко (0:1) құрамасынан жеңіліп, жарысты ерте аяқтады.
38-жастағы Роналду өз елінің құрамасы сапында 2003 жылдан бері ойын көрсетіп келеді. Ол аталған 196 кезеңде 118 голдың авторы атанып, 43 нәтижелі пас берді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!