Қазақстандық боксшылар Әлем кубогында 9 медаль жеңіп алды
Қазақстандық боксшылар Будвада (Черногория) өткен жастар арасындағы бокстан 2023 жылғы Әлем кубогында өнер көрсетті.
Фото: ашық дереккөзден
09:27 20.03.2023
Бұл турнирде Қазақстанның ерлер құрамасы 9 медаль жеңіп алды – бір алтын, екі күміс және алты қола. Қазақстан атынан жалғыз Дәулет Төлемісов (80 кг) чемпион атанды. Әлихан Нұрзақ (75 кг) пен Ерсұлтан Сапар (+92 кг) күміс медаль еншілесе, Аманат Нұрлыбек (48 кг), Ислам Мәшкентаев (51 кг), Нұрбек Мұрсал (67 кг), Ислам Советов (71 кг), Дихан Шайқыбеков (75 кг) пен Нұржан Думан (92 кг) турнирді «қоламен» қорытындылады.
Жалпы жастар арасындағы Әлем кубогы-2023 жарысына әуелде Қазақстан командасынан 12 спортшы қатысқан болатын, олардың үшеуі медальға жетпей сүрінді. Олар: Жансері Көшербаев (54 кг), Өнер Сейілхан (67 кг) және Санжар-Әли Бегәлиев (71 кг).
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!