Ақмола облысында қару-жарақ сақталған қойма табылды
ІІМ ресми Telegram-арнасы мәліметінше, ҰҚК басқармасының қызметкерлері Жарқайың ауданының Пригородное ауылындағы арнайы операция нәтижесінде жергілікті тұрғыннан үш қару табылды.
11:15 20.03.2023
40 жастағы ауыл тұрғыны қару-жарақ қоймасын тұрғылықты жерінде ұстаған.
Тінту іс–шаралары барысында жедел уәкілдер 12 калибрлі ИЖ-43-Е тегіс ұңғылы мылтықты, 5,6 мм калибрлі ТОЗ 16 маркалы шағын калибрлі карабинді және ИЖ 671 Корнет пневматикалық тапаншасын тәркілеген.
ҚР ҚК-ның 287-бабы 1-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексеру басталды. Тәркіленген қару сараптамаға жіберілген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары