{metadescription}
Алматы-Баку тікелей әуе рейсі іске қосылды

Алматы-Баку тікелей әуе рейсі іске қосылды

Алматы мен Әзербайжан астанасы Баку арасында тікелей әуе рейсі ашылды.

Мәлім етілгендей, авиарейс ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен және белсенді араласуымен іске қосылып отыр.

«Әзербайжан әуежолдары» авиакомпаниясының ұшақтары Бакуден Алматыға аптасына екі рет — сейсенбі және жұма күндері ұйымдастырылады.

Сондай-ақ 16 наурыздан «Әзербайжан әуежолдары» авиакомпаниясы дүйсенбі және бейсенбі күндері Бакуден Астанаға, ал сейсенбі және жұма күндері Астанадан Бакуге сапарын бастап кеткен болатын.

«Алматы - Орталық Азияның ең ірі, ең дамыған және тартымды туристік бағыттарының бірі және Әзербайжан авиакомпаниясының өкілдері бұл пікірді қолдайды. Біздің министрлік басқа елдермен тікелей әуе рейстерінің санын арттыру бойынша жұмысты жалғастырады», - деп атап өтті Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.