Атырау облысында жол апатынан екі адам қаза тапты
Атырау облысында қайғылы жол-көлік апаты болып, екі адам қаза тапты.
Фото: Атырау облыстық ПД баспасөз қызметі
13:12 20.03.2023
Облыстық полиция департаиентінің хабарлауынша, адам өлімімен аяқталған оқиға 18 ақпанда Индер-Сағыз тасжолының 83-шақырымында болған.
«Сағат 21:30 шамасында УАЗ мен Toyota Ipsum көлітері бетпе-бет соқтығысқан. Оқиға салдарынан УАЗ көлігінің 1963 жылы туған жүргізушісі мен Toyota көлігінің 1962 жылы туған жолаушысы қаза тапты. Шетелдік көліктің екінші жолаушысы түрлі дене жарақатымен Индер аудандық ауруханасына жатқызылды», - делінген хабарламада.
Қазіргі кезде тиісті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Дереккөз: Azattyq Ruhy
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!