Түркияда 4,1 балдық сілкінісі болды
Түркияның оңтүстік-шығысындағы Кахраманмараш провинциясында 4,1 балдық жер сілкінісі болды.
15:40 21.03.2023
Түркияның Төтенше жағдайлардың зардаптарын жою басқармасының (AFAD) хабарлауынша, жерасты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша 18:40-та тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы Түркоғлы аймағында орналасқан.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, 6 ақпанда Кахраманмарашта магнитудасы жеті балдан асатын екі жер сілкінісі болды. Жер сілкінісі елдің 10 провинциясында, сондай-ақ көршілес мемлекеттерде, соның ішінде Сирияда да сезілді.
Жер сілкінісінің материалдық шығыны екі триллион түрік лирасын (105 миллиард доллардан астам) құрайды. Соңғы мәліметтер бойынша Кахраманмараштағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны - 50 096. 107 204 адам зардап шекті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!