Жанқош Тұраров бірінші жартылай орта салмақта IBO-ның жаңа чемпионы болды
21 наурызда Алматыда кәсіби бокс кеші өтті, оның басты оқиғасы Жанқош Тұраровтың жекпе-жегі болды.
Фото: instagram.com/zhankoshturarov
12:15 22.03.2023
Қазақстандық бірінші жартылай орта салмақта IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағы үшін күрескен. Оның қарсыласы мексикалық Алехандро Менесес болды.
Жекпе-жек 12 раундқа жоспарланған. 10-раундтың басында мексикалықтың көзінен қан кетті. Дәрігер оған жекпе-жекті өткізуге рұқсат берген, бірақ командасы жекпе-жекті жалғастырудан бас тарту туралы шешім қабылдады.
Осылайша, қазақстандық техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
Әлі жеңіліп көрмеген Тұраров үшін бұл 27-жеңісі болды. Ол бірінші жартылай орта салмақта IBO-ның жаңа чемпионы болды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!