Эквадорда жер сілкінісінен 13 адам қаза тапты
Эквадорда 6,7 магнитудасымен жер сілкінді.
13:20 22.03.2023
Зілзала эпицентрі Балао қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 6 шақырым қашықтықта орналасты. Ошағы 65,7 шақырым тереңдікте болды.
Айта кетейік, кеше кешке Ауғанстанда қуатты жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпуі 5 мемлекетте сазілді, соның ішінде Қазақстанның 5 өңірінде тіркелді. Салдарынан Ауғанстанда 2 адам, Пәкістанда кем дегенде 9 адам көз жұмды.
UzNews.uz агенттігінің мәліметінше, Өзбекстанда жер сілкінісі қатты сезілді – түрлі қалада 4-6 балл аралығында.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!