Әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швёнтек Астанаға келеді
14-15 сәуірде елордадағы Ұлттық теннис орталығында Қазақстан құрамасы «Билли Джин Кинг кубогы» командалық әлем чемпионатының квалификациясы аясында Польша құрамасына қарсы ойнайды.
17:05 22.03.2023
Поляк құрамасы кіл мықты спортшыларын қатарға қосып отыр. Команда капитаны Давид Кельт Қазақстанға қарсы ойынға мынадай ойыншыларды таңдады: «Үлкен шлем» турнирінің үш дүркін чемпионы Ига Швёнтек (WTA жекелей рейтингнде 1-орын), Магда Линетт (WTA жекелей рейтингіде 19-нөмір), Магдалена Фрехт (WTA жекелей рейтингіде 105-нөмір), Алиция Росольская (WTA жұптық рейтингіде 39-орын), Вероника Фальковская (WTA жұптық рейтингіде 92-нөмір).
Польша «Билли Джин Кинг кубогында» 1992 жылы үздік нәтиже көрсетті. Ол кезде поляктар ширек финалға дейін шыққан болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!