{metadescription}
Алматыдан 710 км қашықтықта жер сілкінді

Алматыдан 710 км қашықтықта жер сілкінді

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС-ның сейсмостанциялары бүгін сағат 07.53-те жер сілкінісін тіркеді.

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 710 км жерде, Тәжікстан мен Қырғызстан шекарасында орналасты.

Энергетикалық санаты – 9,8. MPV магнитудасы – 4.6. Тереңдігі – 5 км. МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпарат түспеген.

Айта кетейік, бүгін түнде, сағат 02.07-де Алматыдан 740 шақырым қашықтықта, Тәжікстан аумағында жер сілкінді. Тербеліс 2-3 балл қуатымен Тараз, Шымкент және Түркістанда сезілді. Сондай-ақ Тәжікстандағы жер сілкінісінің афтершогы Өзбекстанның бірнеше қаласына жетті. Қуаты – 6,5 балл.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде