Елімізде коронавирус бір тәулікте 23 адамнан анықталды
Өткен бір тәулікте ел өңірлерінде 23 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті.
13:24 23.03.2023
23 наурыздағы жағдай бойынша, қазір 1 795 адам коронавирус инфекциясынан (коронавирустан (КВИ+) –1 625, пневмониядан (КВИ-) – 170) емделуде. Олардың ішінде 140 пациент стационарда, 1 655 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында:
- 5 адамның жағдайы ауыр,
- 1 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 2 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!