{metadescription}
Кахраманмараш провинциясында жер сілкінді

Кахраманмараш провинциясында жер сілкінді

Түркияның Кахраманмараш провинциясы Гёксун ауданында бүгін, түнгі сағат 03:39-да жер сілкінді. 

Табиғи апаттармен және төтенше жағдайлар мен күрес жөніндегі басқарманың (AFAD) мәліметінше, 4,7 магнитудалы жер сілкінісінің ошағы Кахраманмараш провинциясының Гёксун ауданында орналасты.

Жерасты дүмпуінің ошағы 7,34 км тереңдікте орналасты.

Еске салайық, кеше Кахраманмарашта 21 наурызда - 4,1 қуатымен, 23 наурызда 4,3 және 5,3 магнитудасымен жер сілкіністері тіркелді.

6 ақпанда Түркияның Кахраманмараш провинциясында қуаты 7 балдан асатын екі жер сілкінісі болды. Тербеліс елдің 10 провинциясында, сондай-ақ көршілес мемлекеттерде, соның ішінде Сирияда сезілді. Соңғы ресми деректерге сәйкес, табиғи апат 50 096 адамның өмірін қиды. 107 204 адам зардап шекті.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде