{metadescription}
Атырауда тағы 1,5 гектар қамыс өртеніп, тұрғын үйді шарпыды

Атырауда тағы 1,5 гектар қамыс өртеніп, тұрғын үйді шарпыды

Атырауда тағы да канал жағасындағы 1,5 гектар аумақтың қамысы өртеніп, тұрғын үйді шарпыды.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті қоғаммен байланыс тобының мәліметінше, қамыс өрті кеше, 23 наурызда болған.

«Атырау қаласындағы Шәкіров көшесі тұсында Перетаска каналының жағалауы өртенді. Бұл туралы жергілікті уақытпен сағат 12:51-де шақырту түсті. Канал бойындағы қамыс өрті сол маңдағы саяжай учаскелерін шарпыды. Өрттің салдарынан 1 жазғы тұрғын үй мен ауласындағы шаруашылық сарай, тауық қора, жылыжай бөліктері бүлінді. Канал жағалауында жалын шарпыған қамыстың аумағы – 1,5 гектар», - деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобы.

Қамыс өрті сағат 15:04-те оқшауланып, сағат 15:37-де толық сөндірілді. Өрттен зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

«Алдын ала болжамға сәйкес саяжай учаскесінде қоқысты жағу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелері сақталмаған. Соның салдарынан өрт тұтанған», - деп мәлім етті департаменттің қоғаммен байланыс тобы.

Жалынды сөндіруге 53 қызметкер мен 12 техника жұмылдырылған.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда канал жағасындағы 3 гектар аумақта қамыс өртенген.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде