{metadescription}
Қопа станциясында жүк пойызының вагондары рельстен шығып кетті
Қопа станциясында жүк пойызы вагондарының рельстен шығып кету фактісі бойынша Қазақстан темір жолында арнайы коммиссия құрылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
15:20 24.03.2023
«23 наурыз сағат 12:20-да Алматы облысы Қопа станциясында жүк пойызының қозғалысы кезінде контейнерлері бар 4 вагон рельстен шығып кетті.
Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға пойыздар қозғалысына әсер еткен жоқ.
ҚТЖ-да болған оқиғаның себебін тексеру үшін комиссия құрылды», - делінген компания мәліметінде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары
загрузка...