Қостанай облысында ірі қарадан бруцеллез табылған ауыл карантинге жабылды
Қостанай облысының Әулиекөл ауданына қарасты Диев ауылында ірі қара малдан бруцеллез анықталып, елді мекен аумағында шектеу шаралары енгізілді.
Фото: rr-europe.woah.org
10:09 25.03.2023
«Ірі қара малдан бруцеллез ауруының табылуына байланысты Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Диев ауылдық округінің Диев ауылы аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін. Әулиекөл аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына анықталған эпизоотия ошағын жою үшін қажетті ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізу ұсынылсын», - делінген Ашық НҚА поратында жарияланған аудан әкімдігінің шешім құжатында.
Сондай-ақ, Түркістан облысының Қазығұрт ауданындағы екі ауылда ұсақ мал бруцеллезге шалдығып, елді мекенге шектеу енгізілген еді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!