Маңғыстаулықтар өз еркімен бір сағат жарықсыз отырады
25 наурыз күні Маңғыстау облысында «Жер сағаты» акциясы өтеді.
14:40 25.03.2023
Маңғыстаулықтар соңғы 4 жылда бұл акцияға белсенді қатысып келеді. Өңір тұрғындарына биыл да шараға атсалысып, сағат 20:30 – 21:30 аралығында үйдегі шамдарды өшіру, техниканы тоқ көзінен ажырату ұсынылады.
Жыл сайын бұл шараға әлемнің 180-нен астам елі қатысады. Ал Қазақстан «Жер сағаты» акциясын 13-рет өткізбек.
Мақсат – табиғатқа жанашырлықпен қарауға үндеу, планетаның климатын сақтау, оның шектеулі ресурстарына қамқорлық жасау.
«Уақытша бір сағатқа жарық көздері, техника құралдарын сөндіріп, қоршаған ортаға өзіміздің аз да болса үлесімізді қосайық. Енді бұл әр аудан, қала әкімдігімен жүзеге асырылады. Ақтау қаласы бойынша орталық көшелердің шамдары сөнеді. Сонымен қатар, мекеме ғимараттарының жарығы өшіріледі», - деді Маңғыстау облыстық Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшысы Динара Еңсеген.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!