{metadescription}
Қызылорда облысында бір жасар сәби септикке құлап көз жұмды
Қызылорда облысында есік алдындағы септикке құлаған бір жастағы сәби көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
08:04 27.03.2023
Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментіне 26 наурызда сағат 12.55- те хабарлама түскен.
«Онда Сырдария ауданы Тереңөзек кентіндегі жеке тұрғын үйде 2022 жылы дүниеге келген сәби септикке құлап, көз жұмғаны айтылған. Сәби ересектердің қарауынсыз қалған. Оның мәйітін туыстары өз күшімен сыртқа шығарды», - деді облыстық ТЖД баспасөз қызметінің жетекшісі Айгүл Нұрманова.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!