Абай облысы полицейлері қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қаруды тапты
Абай облысы полицейлері қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қаруды тапты.
Фото: t.me/POLICE_of_KZ
10:31 27.03.2023
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тұрғылықты жерін тінту кезінде 12 калибрлі Вепрь-12, оған 12 калибрлі 4 патроны бар, атуға жарамды резеңке оқтар, 62х39 атуға жарамды, (зауыттық тәсілмен жасалған), соққыға қарсы қорғаныс қалқандары, тапаншаға арналған қапшығы бар белдік және арнайы құралдар тәркіленген Аягөз ауданының тұрғыны ұсталды.
Күдікті қамауға алынды. Аталған факт ҚР ҚК 287-бабының 3-бөлігі бойынша тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, жағдайлар анықталып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!