{metadescription}
Қарлы боран мен найзағайлы жаңбыр: үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қарлы боран мен найзағайлы жаңбыр: үш күнге арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер Қазақстандағы 28-30 наурызына арналған ауа райы болжамын ұсынды.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, республика аумағының батыс бөлігі төмен қысымның ықпалында болады. Соның әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады. Синоптиктердің болжауынша, фронтальды бөліктердің өтуі әсерінен 29 наурызда солтүстікте, күндіз орталықта, 29-30 наурызда шығыста жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.

30 наурызда күндіз қалың қар жауады. 29-30 наурызда оңтүстікте, оңтүстік-шығыс аймақтарда найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Республикада тұман басып, жел күшейеді. Оңтүстік-батыста шаңды дауыл, солтүстік пен шығыста көктайғақ болады.

30 наурызда республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында ауа температурасы күндіз 5 градус аяз, 5 градус ыстыққа дейін төмендейді деп болжанды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 қаңтар

31 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде