Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында жер сілкінді
Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 682 шақырым жерде жер сілкінісі болды.
Фото: bigox.kz
15:34 29.03.2023
Жер сілкінісі бүгін Алматы уақытымен 11 сағат 22 минут кезінде тіркелді. Тербеліс ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 682 шақырым жерде, Қырғызстан мен Тәжікстан аумағында болған.
«Зілзаланың энергетикалық санаты – 9.9. MPV магнитудасы - 4,5. Тереңдігі - 5 км. MSK-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпарат түскен жоқ», - делінген кезекші оператордың хабарламасында.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!