{metadescription}
Қарағандыда жаяу әйелді қағып өлтірген экскаватор жүргізушісі қашып кетті

Қарағандыда жаяу әйелді қағып өлтірген экскаватор жүргізушісі қашып кетті

29 наурыз күні Қарағанды қаласының Магнитогорск көшесіндегі автобус аялдамасының маңында экскаватор жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жол апатынан 62 жастағы әйел оқиға орынында мерт болған. Ал оны қағып кеткен жүргізуші ол жерден қашып кеткен. Аталған дерек бойынша қалалық полицияның барлық жеке құрамына бағыттама берілді.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жаяу жүргіншіні қағып кетті деген күдікпен 61 жастағы экскаватор жүргізушісі ұсталды.

ҚР ҚК 345-бабы 3-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде