Алматыда дәмхана өртенді
Алматыда Бостандық ауданы Розыбақиев көшесі 274 мекенжайындағы дәмханадан өрт шықты.
Фото: Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті
09:04 30.03.2023
Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің «101» пультіне сағат бүгін сағат 8:00-де Бостандық ауданы, Розыбакиев көшесі, 274 мекенжайы бойынша өрт шыққан туралы хабарлама түсті.
«Өрт сөндіру бригадасы жоғары ранг бойынша жұмылдырылды. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 5 минутта жетті. Белгілі болғанындай 3 қабатты дәмхананың шатыры отқа оранған. Жақын маңдағы ғимараттарды қызыл жалынан қорғау үшін өрт оқпандары енгізілді. Дереу автоцистерналар гидранттарға орнатылды, магистральдық желілер тартылып, үздіксіз сумен қамтамасыз етілді. Өрт сөндіру сатысы да қолданылды», - деп хабарлады ведомстводан.
Өрт 30 шаршы метрді шарпыған. Өртті сөндіруге 15 техника мен 41 өрт сөндіруші жұмылдырылды. Төтенше оқиғадан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!