Президент үкіметтің атқарған жұмысына қысқаша тоқталды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында сөз сөйледі.
Фото: akorda.kz
11:39 30.03.2023
Президент үкіметтің атқарған жұмысына қысқаша тоқталды.
"Конституцияның 70 бабына сәйкес Мәжілістің жаңадан сайлануына байланысты Үкімет өз өкілеттігін тоқтатты. Осы ретте Үкіметтің атқарған жұмысына қысқаша тоқталғым келеді. Біз соңғы жылдары жаһандық және жалпыұлттық ауқымдағы көптеген қиындықты бастан өткердік. Үкімет күрделі кезеңдегі жаңа талапқа тез бейімделді. Сол арқылы экономиканың тоқырауына жол берген жоқ. Жұмыс орындарын қысқартпай, сақтап қалды. Шұғыл шаралардың нәтижесінде ел экономикасы 3,2 пайызға өсті", - деді Мемлекет басшысы.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!