Астанадағы ақылы тұрақтардың тарифі өзгеруі мүмкін
Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек кәсіпкерлермен кездесуден кейін БАҚ өкілдеріне айтты.
Фото: ашық дереккөзден
13:52 30.03.2023
«Бір сөзбен айтқанда ақылы тұрақтардың жұмыс форматы қайта қаралды. Нақтырақ айтсақ, орналасатын орындары, жұмыс істейтін уақыттары, тарифі қайта қаралады. Бүгінгі кездесуде кәсіпкерлердің ақылы тұрақтардың жұмысына байланысты жаңа ұсыныстар айтты. Оның бәрі ескеріледі», - деді Жеңіс Қасымбек.
Журналистер тұрақ ақысының 5 пайызы ғана қала бюджетіне түсетіні қаншалықты рас екенін сұрады.
«Қазір сізге нақты қашан басталғанын айта алмаймын. Бірақ бұл бірнеше жыл бұрын қабылданған шешім. Сіз айтып тұрған шарттар қайта қаралады. Әкімдіктің табыстан алатын үлесі айтарлықтай артады», - деді әкім.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!