Ауыл тұрғыны 8 жасар баласын жасөспірімдер қорлағанын айтып полицияға арызданды
Алматы облысы Жамбыл ауданының полиция бөліміне Қасымбек ауылының тұрғыны арызданып, 8 жасар баласының зорлық көргенін айтқан, деп хабарлайды ҚазАқПарат.
17:22 30.03.2023
Ол өзінің арызында сол күні сағат 16:00 шамасында 2015 жылғы кәмелетке толмаған ұлына қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері жасалғанын хабарлады.
Оның айтуынша, 2011 және 2008 жылғы екі жасөспірім ауылдың шетінде өздерінен әлдеқайда кіші баланы қорлаған.
Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалып, тергеу жүріп жатыр.
Аталған дерек бойынша оқиға қатысушыларының бірі - 2011 жылғы жасөспірімнің әкесіне ҚР ӘҚБтК 127-бабының 3-бөлігі негізінде әкімшілік іс қозғалды.
Бұдан өзге, тиісті материалдар 27 наурыз күні осы жасөспірімді мамандандырылған мектепке жолдау мәселесін қарау үшін уәкілетті органға жіберілді.
«Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды» деп хабарлады полиция.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!