Биыл 1 млн қазақстандықтың жалақысы 12%-ға өсті
Жыл басынан бері 1 миллионнан астам жұмыскердің жалақысы орта есеппен 12%-ға көтерді.
13:41 31.03.2023
Бұл туралы ОКҚ-де өткен брифингіде Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы Төлеген Оспанқұлов айтты.
«Жергілікті атқарушы органдар жұмыскерлердің жалақысын арттыру бойынша жұмыс берушілермен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Нәтижесінде өткен жылы 2,5 мың жұмыс беруші 5-тен 50%-ға дейінгі бөліністе 2 миллионнан астам жұмыскердің жалақысын көтерді. Ағымдағы жылдың басынан бері 1,7 мың жұмыс беруші 1 миллионнан астам жұмыскердің жалақысын орта есеппен 12%-ға көтерді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда», - деп тоқталды Төлеген Оспанқұлов.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!