{metadescription}
Алматыда тұрғын үйге қосымша салынған құрылыс нысаны сүрілетін болды

Алматыда тұрғын үйге қосымша салынған құрылыс нысаны сүрілетін болды

Алматыда Мәуленов көшесі, 96/77 үйге қосымша салынған екі қабатты құрылыс нысаны рұқсатсыз салынған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы әкімдігінен хабарлағандай, бұған дейін қала құрылысын бақылау басқармасының тексеріс қорытындысы бойынша аталмыш нысан белгіленген тәртіпте сараптамадан өткен жобалық-сметалық құжаттамасыз, сәулет-техникалық қадағалауды тартусыз, құрылыстың басталуы туралы хабарламасыз шаруашылық әдіспен жүргізілгені анықталған.

«Алмалы аудандық соты басқарманың талаптарын қанағаттандырды. 11 сәуірде сот орындаушыларының қатысуымен қосымша құрылыс нысанын бұзу жұмыстары басталды», - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

11 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде