{metadescription}
Бір тәулікте коронавирус пен пневмония 70 адамнан анықталды
Өткен бір тәулікте коронавирус инфекциясы – 65, коронавирус белгілері бар пневмония 5 адамнан анықталды, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.
08:54 12.04.2023
12 сәуірдегі жағдай бойынша, ел өңірлерінде коронавирустан 1 795 адам (коронавирус (КВИ+) –1 607, пневмония (КВИ-) – 188) емделуде. Олардың ішінде 188 пациент стационарда, 1 607 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 2 адамның жағдайы ауыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!