{metadescription}
Биыл әлем экономикасының өсімі төмендейді

Биыл әлем экономикасының өсімі төмендейді

Негативті факторлардың көптеген жиынтығы биыл әлем экономикасының өсім қарқыны күтілген деңгейден төмен болуына алып келеді.

Сақталып отырған жоғары инфляция, пайыздық ставкалардың артуы және екіұштылық Халықаралық валюта қорын (ХВҚ) биылға экономикалық өсім болжамын төмендетуге мәжбүр етті. Дегенмен, ұйым сарапшылары оптимистік пікір білдіруде. 

«Жаһандық экономика пандемия және Украинадағы жағдайдан кейін біртіндеп қалпына келу жолында қалып отыр. Қайта ашылған Қытай экономикасының қалпына келуі қарқынды. Жеткізу тізбегіндегі бұзушылықтар азайып, энергетика және азық-түлік нарықтарындағы күйзелістер кері шегінуде», - деді ХВҚ-ның бас экономисі Пьер-Оливье Гуринша.

ХВҚ-ның сейсенбі күні жарияланған баяндамасында мәлім етілгендей, биыл әлемдік ЖІӨ өсімі – 2,8%, 2024 жылы 3% құрайды. Бұл қаңтар айындағы болжамнан 0,1% төмен.

Сондай-ақ сарапшылар алдағы үш жылда мұнай бағасы төмендейтінін болжап отыр – биыл 73 долларға дейін, 2026 жылы 65 долларға дейін.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде