Генерал Күдебаев Бішкектен Ыстамбұлға ұшып кеткен - Бас прокуратура
Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев Қазақстанның сот төрелігінен шетелге қашқан Алматы облысы Полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаевті іздестіруге қатысты барлық мәліметті жария ете алмайтынын айтты.
Фото: ҚР ІІМ
12:15 12.04.2023
«Күдебаев бойынша мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Істің маңыздылығын ескере отырып, Бас прокуратура өз қарауына алды. Іздеуге ең мықты қызметкерлер тартылып, іздеу жалғасып жатыр. Біз Қырғызстанға сұрау жібердік, енді іздеу жұмыстарын бірлесіп жүргізетін боламыз», - деді Жандос Өмірәлиев Мәжілістің жалпы отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып.
Сондай-ақ Бас прокурордың орынбасары Қырғызстаннан Күдебаевқа қатысты хабар келгенін айтты.
«Біздің қырғыз әріптестеріміздің айтуынша, Күдебаев Манас әуежайы арқылы Ыстанбұлға ұшып кеткен. Олар осындай ақпарат берді. Бізде Түркиямен келісімшарт бар және қазір олармен жұмыс істейміз. Барлық ақпаратты бере алмаймыз, өйткені ол әлі қашып жүр. Яғни барлық деректерді ашып айта алмаймыз, себебі іздеу нәтижесіне кері әсер етуі мүмкін», - дейді ол.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!