Алматыда марафонға байланысты бірнеше көше жабылады
23 сәуірде спортсүйер қауым үшін Алматы жартылай марафоны өтеді. Биыл алтыншы рет өтетін іс-шарада қатысушылар қаланың басты көшелерімен жүгіріп өтеді.
17:49 19.04.2023
Алматы жартылай марафонының ұйымдастыру комитеті оңтүстік астана тұрғындары мен қонақтарына жарыс өтетін күні, 23 сәуірде жолдардағы қозғалыстың ішінара жабылатынын мәлім етті.
Жарыс өтетін күні қаланың мына жолдары жабылады:
Әл-Фараби даңғылының солтүстік жағында Мұстафин көшесінен Навои көшесіне дейінгі жол бөлігінде қозғалыс сағат 00:00-ден 12:00-ге дейін жабық болады. Оңтүстік жағы сағат 7:00-ден 8:10-ға дейін жабылады.
Әл-Фараби даңғылының солтүстік жағында Мұстафин көшесінен Назарбаев даңғылына дейінгі жол бөлігінде қозғалыс сағат 7:15-тен 09:40-қа дейін жабық болады.
Оңтүстік жағы көлік қозғалысы үшін ашық.
Сейфуллин даңғылында әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейінгі жол бөлігінде қозғалыс сағат 7:40-тан 09:00-ге дейін толық жабылады.
Абай даңғылының оңтүстік жағында Саин көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейінгі жол бөлігінде қозғалыс сағат 8:40-тан 11:10-ға дейін жабық болады. Солтүстік жағы көлік қозғалысына ашық.
Абай даңғылының оңтүстік жағында Сейфуллин көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейінгі жол бөлігінде қозғалыс сағат 7:50-ден 09:30-ға дейін жабық болады. Солтүстік жағы көлік қозғалысына ашық болады.
Саин көшесінің шығыс жағында әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейінгі жол бөлігінде қозғалыс сағат 08:30-дан 10:10-ға дейін жабылады. Батыс жағы көлік қозғалысына ашық болады.
Деректер жарысқа қатысушылардың қозғалыс уақытының ұтымды бөлінуін ескере отырып енгізілді.
Тұңғыш Президент саябағына автокөлікпен жету үшін ұсынылатын маршрут:
- Мұстафин көшесінің бойымен оңтүстікке қарай әл-Фараби даңғылына дейін;
- Навои көшесінің бойымен оңтүстікке қарай әл-Фараби даңғылына дейін;
- Садықов көшесінің бойымен солтүстікке қарай әл-Фараби даңғылына дейін;
- Дулати көшесінің бойымен солтүстікке қарай әл-Фараби даңғылына дейін;
- Саин көшесінің бойымен оңтүстікке қарай әл-Фараби даңғылына дейін;
- Розыбақиев көшесінің бойымен оңтүстікке қарай әл-Фараби даңғылына дейін.
Марафон әл-Фараби даңғылындағы Тұңғыш президент саябағының жанында басталады, орталық стадионда (Сәтпаев, 29/3) аяқталады.
Қатысушылар қашықтықтардың бірін жүгіріп өте алады:
- Жартылай марафон 21,1 км;
- Жүгіру 10 км;
- Скандинавиялық жүріс және Экиден командалық эстафетасы 10 км.
Марафонға 18 жастан асқан кез келген адам қатыса алады. Ал 15 жастан асқан қатысушылар басқа қашықтыққа қатысуға жіберіледі.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!